Шамалған бекетіндегі базар иесі жауапкершілікке тартылды

Поделиться:

Елімізде  короновирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар күшейтіліп жатқаны белгілі.  Осыған байланысты Алматы облысы бойынша да бірқатар шектеу шаралары енгізілген болатын.  Оның ішінде, короновирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бүгіннен бастап Қарасай ауданы бойынша барлық базарлар жабылды. 

Алайда, таңертең Шамалған бекетіндегі базар шектеу шараларына қарамастан жұмыс жасап тұрғаны жайлы редакциямызға тұрғындардан бірнеше видеожазба келді. 
Тілшіміз Жібек жолы ауылдық округі әкімі Алпамыс Айдарұлымен хабарласып, мән-жайды сұрады. 

"Бүгін сауда орнына арнайы барып, жұртшылықты тәртіпке шақырдым. Ал, шектеу шарасына қарамастан, әкімдік ескертуін елемей, базарды ашқан кәсіпкердің іс-әрекеті бойынша полиция хатттама толтырды. Заңды белшесінен басқан базар иесі 15 тәулікке қамалуы мүмкін", - деп жауап берді әкім. Сондай-ақ ол тұрғындарды шыдамдылық танытып, тәртіп сақтауға шақырды. 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также