Қарасай ауданы карантинге жабылмайды

Поделиться:

Қарасай ауданы әзірге карантинге жабылмайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Бүгін әлеуметтік желіде ауданның бас санитарлық дәрігері Н.Олжабаевтың Қарасай ауданына карантин енгізу туралы қаулысы таралды. 

Біз Нұрлан Кенжебекұлымен арнайы хабарласып, мән-жайды білдік. Бұл – тек жоба ғана. Қаулы аудандағы қазіргі жағдайды тұрақтылықта ұстап, халықтың қауіпсіздігі үшін ойластырылған жоба болған. Ауданның бас сан-дәрігерінің айтуынша, бүгінгі таңда тұрғындардың шектеу шараларын елемей, арлы-берлі жүрісті тоқтатпауы дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызуда.

Егер бұл немесе басқа қаулы болсын, заңды тұрғыда бекітілсе, аудан халқы Kaskelenkz арқылы міндетті түрде алдын-ала хабарландырылатын болады.

Сонымен қатар, Н.Олжабаевтың айтуынша, «Қаскелең қаласындағы көтерме базардан вирус жұқтырған тағы бір адам шықты» деген ақпарат та жалған. Ол адам науқас адаммен контактіде болған. Дегенмен, сарапатама нәтижелері науқаспен байланыста болған адамның ешқандай дертке шалдықпағанын айғақтаған. Яғни, алаңдауға негіз жоқ.

Құрметті тұрғындар! Жөнсіз байбалам салып, дүрлікпеңіздер. Ең бастысы тыныштық пен тәртіпке бағыну және өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болу.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также