Қаскелеңдіктер байланыс аясынан тыс жерде отыр... / 98👁

Поделиться:

 Қаскелең қаласына қарасты «Южный» ықшам ауданының тұрғындары 4-5 айдан бері ұялы телефон байланысының нашарлап кеткеніне шағым айтуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.  

Жергілікті халық осы мәселеге орай редакциямыздан көмек сұрап, хат жолдады.  

Бастапқыда байланыстағы ақауға орай жергілікті тұрғындар «Алтел» компаниясына хат жолдаған. Компанияның мәлімдеуінше, бұл аумақтағы ұялы байланыс мұнарасы сынып қалған. Ал, оны қалпына келтіру үшін қаржыдан бөлек жергілікті әкімдіктің келісімі керектігі айтылған. Яғни, қаскелеңдіктер әлі де ұзақ уақыт байланыс аясынан тыс жерде болуы бек мүмкін. Дегенмен, қазіргі барлық мүмкіндіктер мен шаруалар телефон және интернет арқылы шешілетін уақытта абдырап қалған ықшам аудан халқы әкімдік пен өзге де тиісті лауазымды тұлғалар бұл тығырықтан шығудың жолын тауып береді деген сенімде. Ал, билік пен халық арасындағы «алтын көпірге» айналған Kaskelenkz құзырлы мекеме өкілдерінің жауабын асыға күтеді.  

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также