Қаскелеңдік полицейлер де қан тапсырды / 18👁

Поделиться:

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ӘУЕ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮШІН ҚАН ТАПСЫРДЫ, деп хабарлайды Kaskelenkz.

Бүгін таңертең Алматы облысында болған әуе апатында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін полицейлер қан тапсыруда. 

Қарасай ауданы Полиция басқармасының жеке құрамы алғашқылардың бірі болып қол ұшын созуды бастады. Тәртіп сақшылары жарақат алған адамдарға құюға шұғыл түрде қан қажет екенін ескеріп, немқұрайлылық танытпай, бірден зардап шеккендерге көмектесуге ниет білдірді.

 

"Қажетті қанды тапсыру облыстық қан орталығының Қаскелең филиалында ұйымдастырылды. Қажетті процедуралардан кейін полицейлерден қан қабылдады. Тәртіп сақшылары кез-келген жағдайда көмекке келуге дайын. Ең алдымен, бұл біздің қызметтік ғана емес, сонымен қатар азаматтық борышымыз", - деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также