Каратэшілердің күш сынасуы

Поделиться:

Каратэ – қарусыз қорғануға үйрететін белгілі спорттың түрі. Алайда, оның бірнеше түрлері бар екені көпке беймәлім. Солардың бірі – «киокушинкай каратэ» деп аталады. Оның біздің елде таралғанына да біраз жылдай болып қалды. Тіпті, әр аймақ бойынша осы спорт түріне арналған секциялар мен мектеп орталықтары да ашылуда. Киокушинкай каратэсі жастар арасында кең таралғаны соншалық, көптеген жарыстар да ұйымдастырылып келеді. Өткен аптада біздің ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында да осы каратэ түрі бойынша «ZHETYSU CUP» атты республикалық турнирі ұйымдастырылды. Аталмыш спорттық шара жақында ғана ашылған «№1 жасөспірімдер спорт мектебінде» өткізіліп, республика бойынша 300 жасөспірім 13 командаға бөліну арқылы бақтарын сынады.
Жарысқа құрметті қонақ ретінде Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазіргі таңда Алматы облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев пен «Киокушинкай-кан каратэ» Республикалық ұлттық федерациясының вице-президенті Сайранбек Әбілқайыров қатысты. Жалпы, сайыс командалық каратэшілердің күш сынасуы арқылы қыза түсті. Бұл спорт түрі тепкінің тиімділігіне негізделгендіктен, балалардың әр дарытқан соққысы командаға әкелетін ұпай болып есептеледі.
Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі I орын Алматы қаласының «Окинава» командасына, II орын талдықорғандық «Талдықорған каратэ орталығының» спортшыларына бұйырды. Ал, Талғар қаласының «Алматы» каратэшілері ІІІ орынды қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы медальдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Дидар МКХАМАДИЕВ.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также