Баталов "Алтын Орда" көпірінің құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды

Поделиться:

Бүгін Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Оған Алматы облысы әкімі  Амандық Баталов қатысып, жиналғандарға облыс көлемінде жасалып жатқан жұмыстар жайында қысқаша айтып берді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қарасайлықтар үшін өзекті болып тұрған әйгілі  «Алтын орда» базары маңындағы көпір мәселесін сөз етті.  

Республикалық деңгейде жол болып табылатын «Алтын Орда» базары арқылы өтетін Алматы-Бішкек күре жолынан  әрі-бері өткен жолаушылардың «Көпірдің құрылысы қаншан бітеді?» деген жанайқайы жоғары жаққа жеткені қуантады.

Облыс басшысы аудан әкіміне аталған көпірдің құрылысын жіті қадағалап,  мүмкіндігінше тезірек салып бітіруді тапсырды.  

Айта кетейік, көпір құрылысы 2017 жылы басталған болатын.  "Қазавтожол"АҚ өкілдері бұрындары хабарлағандай, "Алтын Орда" базары маңындағы он жолақты автожол салу жұмыстары 2020 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспаланған.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также