Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Зеленый Север» жылыжай жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда өңірдегі ең ірі жылыжай кешені жылына шамамен 3 мың тонна көкөніс өндіреді, бұл жергілікті қажеттіліктің 30% қамтамасыз етіп отыр.

Кәсіпорында заманауи технологиялар еңгізіліп, өндіріс процестері автоматтандырылған. «СҚО тәжірибесін тираждау» жобасы аясында алдағы уақытта өндірістік қуаттарды жылына 4,5 мың тонна дайын өнімге дейін кеңейтуді көзделіп отыр. Бұл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосымша серпін беріп, нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға септеседі.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Комментарии